21
февраль
2022
«Жас мерген-2022» аудандық жарысы өткізілді.
2022 жылдың 21 ақпанында Қарғалы №4 орта мектебінің базасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, мектеп оқушылары, «Жас сарбаз» клуб мүшелері, кадет сыныптарының тәрбиеленуші қыздар арасында «Жас мерген-2022» аудандық жарысы өткізілді. Аталған жарысқа 7 аймақтан 8 команда қатысты. Осы жарыста Қарғалы аймағынан 8-9 сыныптар арасында Қарғалы №3 орта мектебінің оқушылары Қапалбай Салима мен Бейсенбаева Назерке қатысып, 1-орынды иеленіп, облыстық сайысқа жолдама алды. Қыздарға алдағы сайыста сәттілік тілейік.