ХАБАРЛАНДЫРУ! Бос орынға конкурс жариялау!
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы, Досымбетов улица 4б, электрондық пошта -zhamb_ksh3@mail.ru
байланыс телефон нөмірі - +7 (72770)31 1 55
Бос лауазымның атауы: Математика пәні мұғалімі (16 сағат)
Жалақының төлеу мөлшері150 000 бастап 250 000 теңгеге дейін
Жұмыспен қамту түрі- тұрақты
Оқыту тілі- қазақша
Лауазымдық міндеттері:
- Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
- Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
- Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
- Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды.
- Электронды журналдарды толтырады.
- Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
- Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
- Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
- Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
- Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
- Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
- Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
- Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
- Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
- Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
- Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
- Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
- Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Білуге міндетті:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
- Педагогика мен психологияны;
- Пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
- Оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
- Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл.
- Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог" (санаты жоқ):
- Оқу пәнінің, оқу-тәрбие процесінің, оқыту және бағалау әдістемесінің мазмұнын білу;
- Білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
- Білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыру және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
- Білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысады, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
2)"педагог-модератор":
- "Педагог" санатының жалпы талаптарына сәйкес келу, сонымен қатар:
- Оқытудың инновациялық нысандарын, әдістері мен құралдары пайдалану, білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы;
3)"педагог-сарапшы":
- "Педагог-модератор" санатының жалпы талаптарына сәйкес келу, сонымен қатар:
- Ұйымдастырылған оқу қызметтерін талдау дағдыларын меңгеру,конструктивті және тәлімгерлікті іске асыру, білім беру ұйымдары деңгейінде жекелей немесе ұжым болып кәсіби дамыту басымдықтарын анықтау:
- Қала/өңір деңгейінде тәжірибені жинақтайды, білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы;
4)"педагог-зерттеуші":
- "Педагог-сарапшы" санатының жалпы талаптарына сәйкес келу, сонымен қатар:
- Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру,білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
- педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын конструктивті анықтау;
- облыс/республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, Республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
- Облыс/ республикалық маңызы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
5) "педагог-шебер":
- "Педагог-шебер" санатының жалпы талаптарына сәйкес келу, сонымен қатар:
- Авторлық бағдарламалары бар болуы және республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, авторлық бағдарламасы немесе оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең автор) болуы;
- Ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
- Жетекшілік етуді іске асыру және облыс деңгейінде кәсіби бірлестіктердің желісіндамытуды жоспарлау;
- Республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болып табылу немесе немесе облыстық білім беру органдарының уәкілмен бекітілген республикалық және халықаралық конкурстарға қатысушыларды даярлау.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау уақыты 2022 жылдың 06-14 қыркүйек күндері аралығында жүргізіледі