Оқыту және үйрету семинары
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, мәтіндегі ақпаратты толық түсініп, тапсырма барысында қолдануды меңгерту, бүгінгі күннің басты мәселесі. Қарғалы #3 орта мектебінде ,,Самұрық,, серіктес мектептерінің бірлесе ұйымдастыруымен,,Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту оқыту табыстылығы : мәтінмен жұмысты ұйымдастыру,, тақырыбында ашық алаң өтті.