01
февраль
2022
Тарих, өзін-өзі тану әдістемелік бірлестігінің айлық ашылу салтанаты
Қарғалы N 3 орта мектебінің тарих, өзін-өзі тану әдістемелік бірлестігінің айлығы қарсаңында мектебіміздің "Даңқ" мұражайы алаңында театрландырылған тірі мұражайға саяхат түрінде өткізілді. Оқушылардың бойына Отанын, өз ата-тегінің шығу тарихын, тарихымызды тереңірек біліп-тану, зерттеу мақсатында оқушылардың бойына тарихты білуге, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу. Мектеп ұстаздары мен оқушылар өздерінің алған әсерлерін ерекше көңіл-күймен жеткізді. Іс-шара жоғары дәрежеде өтті.