09
декабрь
2019
Қарғалының қасиетті мектебі
Арналсын саған тілектер,
Елжіреп соқсын жүректер.
Ұяңнан ұшты қаншама,
Қанатын қағып түлектер.
Елжіреп соқсын жүректер.
Ұяңнан ұшты қаншама,
Қанатын қағып түлектер.
«Қарғалы» ауылында орын тепкен қасиетті мектебіміздің қабырғасы 53 жыл бұрын қаланған. 1966 жылы салынған бұл мектепте соңғы жылдары оқушы саны артуда, екі ауысымда балалардың толыққанды білім алуына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, бейнебақылау оқушылардың қауіпсіздігін, тәртібін қадағалайтын болды. Ал мектеп табалдырығын елу үшінші рет жаңадан аттаған бүлдіршіннің сауатты да білімді, арлы да ұятты, ақылды да намысты болып өсіп, Отанын, елін, жерін қастерлеуге, сүюге тәрбиелейтін осы мектебі. «Мектеп-теңіз, білім –кеме» демекші, біз «Өмір» деген тұңғиық теңізге сапар шекпес бұрын осы кішкентай ғана «Мектеп» деген теңізден өтуіміз керек. Кішкентай болса да, берері мол, адамды тек жақсылықтарға тәрбилеп үлкен сапарға аттандыратын, алғашқы жеңіс те, алғашқы махаббат та та, алғашқы білім де, алғашқы сезім де бастау алатын жер осы – мектеп. Мен әлі үлкен сапарға шыққаным жоқ, бірақ мені сол сапарға дайындау жолында кеменің ескегіне айналған ұстаздарым мен мектебімнің еңбегі ұшан –теңіз . Әркімнің алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттен жаңа өмірге қадам басатыны анық. Мені сүрінбес тұлпар, талмас сұңқар болуға тәрбиелеп, білім беріп жатқан алтын ұям, мектебіме, ақылшы ұстаздарыма айтар алғысым шексіз.