01
февраль
2022
Айтып өткен ақында арман бар ма?
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына жұрттар неғып жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай!- деп, жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні. Дәл бүгін, туған күнінде «Қарғалы №3 орта мектеп» КММ –де мектепішілік «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты Мұқағали оқуларын кітапханада өткізді. Байқауға Мұқағали өлеңдерін жаны жақсы көретін, мәнеріне келтіріп оқитын 5-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыздың өнерін бағалайтын әділқазылар алқасы таныстырылып, қонақ ретінде ауылдың кітапхана меңгерушісі Есебаева Гульназ Арыстанбековна шақырылды.
Байқаудан оза шыққан оқушылар: Азат Қ, Қадырмолда А, Сейілхан А, Абдырайымова А, Махмудов Е, Қадырмолданова Ж, Сұлтан Е, Мұхамедқазы А.
«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»- деп, өзі айтып кеткендей өлең мәңгілік жасай бермек! Ақынның ой айтудағы өткірлігі, батылдығы біздерге өнеге, тәлім, сабақ берері сөзсіз.
Ұйымдастырушылар:Ускембаева С.С, Боранбаева Р.Ч.