07
апрель
2022
"Зиянды заттардан аулақ бол!", "Салауатты өмір салтын ұстанамыз! " акциясы өтті.
7 сәуір күні мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының Ішкі істер министрі Анвар Рахметов пен әлеуметтік педагог Жадыраева Жаннаның ұйымдастыруымен "Зиянды заттардан аулақ бол!" "Салауатты өмір салтын ұстанамыз! " акциясы өтті.
Акция мақсаты: құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға жағымсыз әдеттер туралы мәліметтер беру. Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауға, оларға үйір болмауға баулу. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Акция барысында мектептің 6-10 сынып оқушылары плакаттарға сурет салып, "Зиянды заттарға қарсымыз!" , "Салауатты өмір салтын ұстанамыз!" деп ұрандатып, мектеп алдына жиналды.
Мектеп директоры Урпекова К. О. оқушылармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізді.