21
декабрь
2022
«Қызға қырық үйден тыйым» атты дөңгелек үстел өтті.
20.12.2022 жылы «Айғаным» қыздар клубының ұйымдастыруымен мектебіміздің кітапханасында «Қызға қырық үйден тыйым» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға ауылымыздың "Асыл əже, ару келін" Халықтық ансамблінің ақ жаулықты әжелері- Мамедова Зияш Смағұлқызы, Жамбылова Зағипа, Дүйсебаева Рысқан әже қонақ болды және де 7-10 сынып оқушы қыздары қатысты.
Кездесудің мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Ең алдымен, клуб жетекшісі Ускембаева Салтанат Сатывалдықызы қыз баланың тәрбиесі туралы, қырық тыйымды айтып өтті. Содан кейін сөз кезегін әжелерге берді. Әжелер қыздарға өз ақыл-кеңестерін айтып, не нәрседен сақтанып, неден тыйым болуды түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Зияш Смағұлқызы өзі жазған өлеңдерін оқып, Зағипа әжеміз өскелең ұрпаққа өз батасын берді. Соңында әжелер қосылып ән де шырқады. Кеш соңында ақ жаулықты әжелерімізге өз ілтипатымызды білдіріп, мақтау қағаздарымен марапаттадық. Тәрбиелік мәні бар кездесу болды. Қыздар мұқият тыңдап, қошемет білдірді.
Ұйымдастырушылар: Клуб жетекшісі Ускембаева С.С., кітапхана меңгерушісі Р.Ч.Боранбаева, кітапханашы Аширкулова Ф.